Йель университетінің және The New York Times академиясының жазғы бағдарламаларының жеңімпазы

MIRAS халықаралық мектебінің студенті  Серікқали Әбдірахман жазғы бағдарлама бойынша екі грант ұтып алды: Йель университетінің жас жаһандық ғалымдары,  Нью-Йорк Таймс академиясының БАҚ және журналистика бағдарламасы.
Әбдірахман мектептің белсенді оқушысы, 100% оқу грантының және ECIS -2023 сыйлығының иегері.
Студент алдына  мақсат қоя алатын, зияткерлік  қабілетке ие.  Әбдірахман АҚШ-тағы жазғы бағдарламаларға қатысуға өтініш беріп, бағын сынап, грантқа түсуге бел буды.  Әбдірахман қойған мақсатына жете  алды.

«Бағдарламалар мені академиялық тұрғыдан нығайтты. Мен Нью-Йорк Таймс мектебінде ұлы профессорлар мен жазушылармен шығармашылық жазуды үйрену мүмкіндігіне ие болдым және Йель университетіндегі сабақтарымда африкатану және сөйлеу өнері туралы білімімді дамыттым. Менің Америкадағы уақытым өте құнды тәжірибеге толы болды, мен оны келесі жылы ересек өмірге араласқан кезде, осы  дағдыны пайдаланатын боламын», - деп,  Әбдірахман өз қуанышымен бөлісті.
Біз оның жетістігіне шын жүректен қуаныштымыз!Оқуына, шығармашылық табыстар тілеймін.
Шәкіртіміздің тәжірибесін қорытындылай келе, МИРАС мектебі өз оқушыларын жаһандық ойлауға, қиындықтардан қорықпауға, өзіне сенуге үйрететінін мақтанышпен айтады.


Возможно вам понравится


Грантқа өтінімдер қабылдау басталды Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар! 

MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...

Толығырақ
Жан DoStar Жан DoStar

Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге  асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...

Толығырақ
Грант  иегерлерінің қорытындысы Грант  иегерлерінің қорытындысы

«МИРАС»  Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конк...

Толығырақ