Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры
Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Беру қоры» қоғамдық қоры 1998 жылы құрылды. Қор жұмысының алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға көмектесу мүддесін  анықтады. Қордың міндеті - озық ұлттық және халықаралық тәжірибені қолдану, халықаралық білім беру бағдарламалары мен нормаларын ел біліміне енгізу және тарату. Осы мақсаттарға жету үшін Білім қорының қамқорлығымен үш халықаралық мектеп құрылды: Халықаралық «Мирас» мектептері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Алматы Халықаралық мектебі.

Қордың қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады

  • Қордың балабақшаларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты мен балабақшалардың заманауи халықаралық әдістерін кіріктіру негізінде сапалы білім беру процесін ұйымдастыру.
  • Халықаралық қор мектептерінің білім беру моделін жетілдіру.
  • Нұр-Сұлтандағы Халықаралық «Мирас» мектебінің құрамында француз мектебінің дамуы.
  • Қор мектептерінде білім сапасын басқару жүйесін жетілдіру.
  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
  • Қордың балабақшалары мен халықаралық мектептерінде Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесіндегі тәжірибесін тарату.
  • Қор мектептерінің халықаралық аккредитациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен ынтымақтастықта жұмыс жасау.
  • Жоғары орта деңгейдегі мамандандырылған әскери білім беру моделін жасау.
  • Қордың және оның филиалдарының қызметін насихаттау.
  • Қордың қайырымдылық қызметін дамыту.