Жоғарғы мектеп
Жоғарғы мектеп  (11- сынып; 11-12 сыныптар)

Жоғарғы мектеп бағдарламасы- бір-екі жылдық мамандандырылған оқыту курстары ұсынылған және студенттерді Қазақстандағы немесе шетелдегі жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға дайындауға бағытталған.  

Бір жылдық курс (11-сынып) білім берудің жоғарғы деңгейіне арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының элементтерімен Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарына негізделген.

Бағдарламаның вариативті компоненті студенттің қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу және одан әрі білім алу үшін қажетті негізгі пәндерге назар аударуына мүмкіндік береді.

Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы

Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы - бұл 16 жастан 19 жас аралығындағы студенттерге арналған екі жылдық ЖОО-ға дейінгі білім беру бағдарламасы.

Бұл бағдарлама бойынша оқыту тек ағылшын тілінде жүзеге асырылады және студенттерді әлемнің ең жақсы университеттерге  түсуіне дайындауға бағытталған.

1-12 сыныптарға арналған оқу жоспары (IB DP) Халықаралық бакалавриаттың дипломдық бағдарламасына қойылатын талаптарға негізделген  6 пәндік топты қамтиды:

  • А тілі  (английский, русский)
  • В тілі / екінші тіл (шет тілдері: ағылшын, орыс, француз)
  • Адам және қоғам  (экономика, бизнес-менеджмент, тарих және география)
  • Эксперименттік ғылымдар (химия, биология, физика)
  • Математика ( математика негіздері, стандартты және математиканың  тереңдетілген деңгейі )
  • Өнер

Әр студентке бағдарламада оқу үшін әр білім беру саласынан бір пәнді таңдау құқығы беріледі (кемінде үш пән тереңдетілген деңгейде, ал үшеуі стандарт деңгейі бойынша оқылады).

Бағдарлама бойынша оқыту жылына кемінде 100 сағат бөлінетін  «Таным теориясы» үшін міндетті пәнді оқып-үйренуді қарастырады.

Бағдарламаның аяқталуы алдында ХБ ұйымының тәуелсіз сарапшылары жүргізетін міндетті сыртқы бағалау жүргізіледі.  Бағдарламаны аяқтағаны туралы диплом алу үшін студент емтихан жұмыстарының барлық түрлерін сәтті аяқтап, (шамамен 4000 сөзден)  тұратын зерттеу эссесін жазып, (150 сағаттан кем емес)  CAS  (Шығармашыл. Әрекет.Қызмет / Creativity. Act. Service) қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы керек.

Халықаралық бакалавриат дипломы алғаннан  кейін, әлемнің жетекші университеттеріне қабылдау  емтихансыз қабылдануына , шетелдік   көптеген университеттерінің    Foundation бағдарламасына  түсуге мүмкіндік береді.