Мектеп туралы

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының филиалы Астана қаласының «Мирас» Халықаралық мектебі 1999 жылы 2 қыркүйекте ашылды және мемлекеттік білім беру мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын біріктіретін мемлекеттік  емес білім беру құрылымы. Осы жылдары ішінде мектеп өзін халықаралық білім кеңістігінде сенімді түрде көрсете  білді. 

1999-2014 жылдар аралығында мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік алаңы болды. Мектеп ұжымының эксперименттік жұмысының нәтижелері Қазақстандық мектептердің білім беруіндегі жаңарту бағдарламасының негізі ретінде пайдаланылды. 

 «Мирас» мектебі білім берудің бастауыш, негізгі және жоғары деңгей бағдарламалары бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымында (IBO-International Baccalaureate Organization) авторизациаланған, сондай-ақ, Жаңа-Англия мектептері мен колледждерінің қауымдастығы (NEASC), Халықаралық мектептер кеңесі (CIS-Халықаралық мектептер кеңесі), Халықаралық мектептердің Еуропалық кеңесі (ECIS - Халықаралық мектептер кеңесі) халықаралық білім беру ұйымдарымен акредитациядан өткен. Мектеп Кембридж Университетімен IGCSE емтихандарына дайындалу және сабақ беру құқығына ие болған (International General Certificate of Secondary Education - орта білім туралы халықаралық сертификат) және ЮНЕСКО-ның қауымдастық  мектептер  қатарына кіреді. 

Мектеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жыл, 28 ақпанындағы №267 қаулысына сәйкес, еліміздегі алғаш болып тіркелген «Халықаралық мектеп»  мәртебеіне ие  болды.

Мектеп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып, білім берудің бастауыш, негізгі және жоғары деңгейлеріне арналған Халықаралық бакалавриат бағдарламасы негізінде барлық деңгейлер үшін өзінің кіріктірілген оқу бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруда. 

Мектеп оқушылары әр түрлі интеллектуалды және спорттық жарыстар мен байқаулар, көрмелер мен ассамлеяларға және басқа да іс-шараларға қатысу арқылы өз мүмкіндіктерін дамытып, жүзеге асыратын бірегей мүмкіндіктерге ие. 

«Қоғам және Қызмет» бағдарламасына баса назар аударылып, оқушылардың бастамасымен әлеуметтік жобалар мен гуманитарлық акциялар жүзеге асырылады. 

Мектеп оқушылары пәндік олимпиадалар, конкурстар мен ғылыми жобаларға қатысады. Әр жыл сайын үздік оқушылар Халықаралық мектептер Еуропалық кеңесінің «Халықаралық түсінімі үшін» арнайы белгісімен марапатталады. 

Мектеп түлектері өз білімдерін Қазақстан, Чехия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Ресей елдерінің университеттерінде жалғастыра алады. 

Мектеп оқушыларды толықтай тамақпен, білім ресурстарымен, күзетпен қамтамасыз етеді. Медициналық және психологиялық көмек пен қолдау көрсетеді.  

Мектеп өзіндік әдістемелік орталыққа айналды. Оның базасы негізінде қала және ел мектептерінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар, конференциялар және ашық есік күні, мамандықтар мен университеттер жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 

Жергілікті және шетелдік мұғалімдерден құралған жоғары білікті команда достық және қамқорлықпен жемісті де,  қызықыты оқу атмосферасын қалыптастырады.