Халықаралық бакалавриат – 3 жастан 19 жасқа дейінгі балаларға арналған білім беру бағдарламасы. Көпке танымал «бакалавр» ұғымы тек жоғары оқу орындарына ғана қатысты емес! Бакалавриат (IB) бағдарламасы дегеніміз не, қандай IB деңгейлері бар және қандай артықшылықтары бар, осы туралы бүгінгі мақалада білетін боламыз!
Мектеп өмірінен хабары жоқ адам үшін «Халықаралық бакалавриат» деген ұғымды, әдетте ең алдымен жоғары біліммен байланыстырады. Бұл жерде, әрине, логика бар. Бірақ іс жүзінде біз бастауыш және орта білім туралы айтып отырмыз. Мектепте IB (International Baccalaureate) бағдарламасы қандай екенін және ол сіздің балаңызға қалай лайықты екенін бірге анықтайық!
Сонымен, IB – Швейцарияда әзірленген, 3 жастан 19 жасқа дейінгі балаларға арналған білім беру бағдарламасы. IB ағылшын, француз және испан тілдерінде оқытылады және академиялық тұрғыдан ең талап етілетін бағдарламалардың бірі болып саналады. Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриат қазірдің өзінде 8 мектепте ұсынылған, оқыту ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
IB құрылымына сәйкес 3 саты бөлінеді:
Несімен Халықаралық Бакалавриат (IB) соншалықты тиімді? Соңғы 50 жылда 159 елдегі 5400-ден астам мектеп IB жүйесіне қосылғанын ескерсек, бағдарламаның ұлттық білім беру жүйелеріне қарағанда елеулі артықшылықтары бар.Олар әрине бар! Біз негізгілерін атасақ:
Жағымды ма, келісесіз бе? Ал іс жүзінде қалай? Түсіну үшін орта мектеп оқушысын мысалға алайық.
Танысыңыз, Айнара (18 жас).
Айнара орта мектеп бағдарламасын (MYP) сәтті аяқтағаннан кейін Халықаралық Бакалавриат дипломдық бағдарламасын таңдайды. IB дипломдық бағдарламасында Айнара келесі пәндерді оқыды: стандартты деңгейде ағылшын тілі, орыс тілі және химия, тереңдетілген деңгейде- тарих, физика және математика.
Жан-жақты дамыған тұлға ретінде Айнара испан және қытай тілдерін қосымша үйреніп, көркем гимнастикамен, кескіндеме және музыкамен, йогамен және мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде айналысты.
Мектеп миссиясын насихаттау мақсатында Айнара түрлі іс-шаралар мен форумдарға, БҰҰ моделі конференциясына белсенді қатысты. CAS (Creativity. Action. Service. /Шығармашылық, Әрекет, Қызмет) курсы аясында студент «Дара» қорының басшылығымен мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы өткізетін инклюзивті білім беру бойынша қайырымдылық жобаларында еріктілер қатарында болды.
Айнара Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетіне түсіп, ғылыммен айналысуды жоспарлаған. Әлемдік рейтингтерге сәйкес АҚШ-тағы университеттік білім іргелі ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Оқу нәтижесінде Айнара мүмкін болатын 45 баллдан 44 балл жинады. Таңдалған университет оны емтихансыз қабылдап, оқуға 100% грант беріп қана қоймай, жатақхана мен шәкіртақыны тағайындайды.
Айнараның жетістіктеріне таң қалдыңыз ба?
Ол шынымен де интеллектуалды дамыған, мақсаты айқын, ынталы, әлемді жақсы жағына өзгертуге ынтасымен ұмтылатын, өмірлік тәжірибеден шабыттанған жан. Кез келген ата-ананың арманы, келісесіз бе? Ал мұның барлығы IB бағдарламалары бойынша жүйелі оқытудың нәтижесі. Сондықтан мектептердегі халықаралық бакалавриат бағдарламалары жылдан жылға танымал болып келеді!
Нұр-Сұлтан қаласының мектептеріндегі Халықаралық Бакалавриат біздің мектептен бастау алады – 1999 жылы негізі қаланған және Қазақстанда алғаш рет IB бағдарламасының барлық үш деңгейі бойынша аккредитациядан өткен «Мирас» халықаралық мектебі. Біз үнемі өткізетін ашық есік күнінде осы бағдарлама туралы тереңірек біле аласыз, мектепті өз көзіңізбен көре аласыз, басшылықпен және ұстаздармен танысып, сізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сайттағы үлгіні толтырып, өзіңізге ыңғайлы күнді таңдаңыз! «Мирас» мектебіне қош келдіңіз!
Она, действительно, интеллектуально развитая, целеустремленная, увлечённая, искренне стремящаяся сделать лучше мир и вдохновлённая целями и практиками устойчивого развития студентка. Мечта любого родителя, согласитесь! И всё это – результат системной подготовки в программах IB. Именно поэтому, программы Международного бакалавриата в школах из года в год набирают популярность!
Құрметті ата-аналар!
MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...
Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...
«МИРАС» Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конк...