Мәдениаралық таныстырылымы күні

1 желтоқсанда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде дәстүрлі мереке –Ұлттардың  Мәдениаралық таныстырылымы күні өтті.

Мерекенің ұйымдастырушылары мен басты қатысушыларыі мектеп оқушылары болды. Мерекеге дайындық барысында оқушылар  жер бетіндегі келісім мен бейбітшіліктің маңыздылығын, әлемдегі әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетінің құндылығы мен ерекшелігін түсінетіндігін көрсетті. Дәстүр бойынша шараға Қазақстандағы  өзге  елшіліктерінің өкілдері, қонақтар мен ата-аналар қатысады. Осы жылы біз жоғары мәртебелі Моңғолия Елшісі Доржын Баярхүү мырзаны, Қазақстандағы Үндістан Елшілігі жанындағы Үнді мәдени орталығының бірінші хатшысы Санджай Верди мырзаны қабылдау құрметіне ие болдық.

 

Әр елдің әсерлі қойылымдары, жарқын эмоциялар, керемет безендіру және тамаша мерекелік атмосфера үшін студенттерімізге және олардың ата-аналарына алғыс айтамыз!

 

 

 

 

 

 


Возможно вам понравится


«Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын «Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын

2026 жылғы 16 мамырда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі негізінде I «Әлем...

Толығырақ
Гранттарға өтінім қабылдау басталды Гранттарға өтінім қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар!
 
«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жы...

Толығырақ
Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері

«NNEF» Қоғамдық Қоры және «Halyk» Қайырымдылық Қоры 2025–2026 оқу жылына А...

Толығырақ