«Қайрат» футбол клубы Мирас мектебі студенттерін жаттықтырады!

«Қайрат» футбол клубының академиясы Астанадағы үздік жекеменшік мектептердің бірі – «Мирас» халықаралық мектебінде өз филиалын ашады. Мектептегі 1-7 сынып оқушылары үшін тегін болады. 


«Қайрат» – Қазақстан футболының мақтанышы, әрі аңызға айналған футбол клубы: 

1. «Қайрат» ФК сонау 1954 жылы құрылған және Қазақстандағы танымал клубтардың бірі. 
2. Кеңес үкіметі кезіндегі ең атақты футбол клубы. 
3. Қазақстан Премьер-Лигасының 3 дүркін чемпионы, 10 дүркін кубок иегері, 2 дүркін суперкубок, 5 дүркін күміс жүлде иегері. 
4. «Қайрат» сапында Тимур Сегизбаев, Евстафий Пахливаниди, Вахид Масудов, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов, Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук және бас?а да аты а?ыз?а айнал?ан футболшылар ойнады. 
5. «Қайрат» ФК балалар академиясы Қазақстан Республикасындағы ең үздік және ТМД бойынша үздіктердің бірі. 

«Қайрат» ФК ол: 
• «Қайрат» ФК Академиясының әдістемесі бойынша академияның білікті және бекітілген жаттықтырушыларымен дайындалу
• Қалалық футбол турнирлеріне қатысу. 
• Тәртіпті, ұжымдық жұмысты, сыни ойлауды және дене  тәрбиесін дамыту. 
• Бала өмірінің кез келген кезеңінде: мектепте, университетте және жұмыста пайдалы болатын әлемдегі №1 спорт түрімен танысу мүмкіндігі. 
• Тамаша футбол клубының мүшесі болу мүмкіндігі, ұлыңыз «Қайрат» ФК жаттығып жатқанын мақтанышпен айту мүмкіндігі.


Возможно вам понравится


Грантқа өтінімдер қабылдау басталды Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар! 

MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...

Толығырақ
Жан DoStar Жан DoStar

Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге  асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...

Толығырақ
Грант  иегерлерінің қорытындысы Грант  иегерлерінің қорытындысы

«МИРАС»  Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конк...

Толығырақ