Басқа бағдарламалармен салыстырғанда ХБ-тың айырмашылықтары мен артықшылықтары

 IB сізге қажет екенін қалай түсінуге болады? Басқа бағдарламалармен салыстырамыз және оқуды бітіргеннен кейінгі мүмкіндіктері қандай? Біз Халықаралық Бакалавриаттың ағылшын тілі бойынша A-Levels деңгейі мен Қазақстандық жалпыға ортақ мемлекеттік орта мектеп бағдарламасының айырмашылығын талдаймыз! 

 

Ашық есік күнінде  бізге мынандай сұрақтарды жиі қояды: Халықаралық Бакалавриаттың , бакалаврдан немесе магистрден айырмашылығы бар ма? Достар, есіңізде болсын: Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриат – бұл бастауыш және орта мектеп оқу ибағдарламасы! Бұны жоғары біліммен шатастырмаңыз! 

Бүгін біз сіздерге Халықаралық Бакалавриатты басқа мектеп бағдарламаларымен – Қазақстандық және Кембридж бағдарламаларымен  салыстыруды ұсынамыз. Орта мектеп бағдарламасының мазмұны мен мектеп бітірушілер үшін мүмкіндіктеріне тоқталайық.Ретімен бастасақ : 

  • Қазақстандық жалпы білім беретін бағдарламасы әр түрлі деңгейдегі қабілетті балаларға арналған. Тіл және әдебиет, математика және информатика, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар, өнер, технология, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің жеті тобын қамтиды. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Кейбір мектептер математика мен жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытады; 
  • Халықаралық Бакалавриат – дарынды студенттерге арналған күрделі бағдарлама. 6 топтағы пәндерді оқуды қамтиды: ана тілі мен әдебиеті, шет тілінен білім беру, адам және қоғам, жаратылыстану, математика, өнер. Таным  теориясы курсы міндетті оқу  курсына  жатады. Балалар «Шығармашылық. Әрекет. Қызмет» бағдарламасына қатысады (CAS), оған спорт, шығармашылық және еріктілік қызмет кіреді. Қазақстандағы IB мектептері сабақты ағылшын тілінде жүргізеді; 
  • A-Levels Кембридж бағдарламасы. Негізгі ерекшелігі – ерте кәсіптік бағдар беру. Жоғары сынып оқушысы 16 жаста университетте қай мамандықты таңдайтынын анықтайды, соған сәйкес оқу бағдарламасын құрастырады. 3-4 пән оқытылады. Оқылатын пәндер ары  қарай университетте де  жалғасын табады. Мысалы, экономика факультетіне түсу үшін міндетті  түрде математиканы оқу қажет.Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. 

 

Кейде «Кембридж мектебінің Халықаралық Бакалавриаты» деген ұғым бар. Қорықпаңыздар! Әңгіме орта білім беру Кембридж әдістемесі бойынша жүргізілетін мектептер туралы болып отыр. Егер осылай болса, ол дегеніңіз,  орта мектепте сіз A-Levels бағдарламасы бойынша оқуыңызды жалғастыра аласыз немесе IB дипломын ала аласыз. 

Шетелдік жоғары оқу орындарына түсу  мүмкіндіктерін көптеген отбасыларын қызықтырады, әрі    мектеп таңдауда басты критерий болып табылады. Осы параметр бойынша бағдарламаларымызды салыстырайық. 

Сонымен, АҚШ университеттерінің қабылдау комиссияларының талаптарына сәйкес: 

  •  Егер сіздің қолыңызда  қазақстандық мектеп бітіргендігі туралы аттестат  болса:онда сіз университеталды дайындық курсынан  өтіп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат ұсыну қажетсіз; 
  •  Егер сізде A-Levels сертификаты болса: мектепте оқыған пәндер таңдаған мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес келсе, бірінші курста бірден оқуға қабылдана  аласыз; 
  •  Егер сізде IB дипломы болса: құжаттар кез келген факультетке қабылданады, кей жағдайда академиялық кредиттерді несиелеу негізінде екінші курсқа бірден түсуге  болады. 

 

Байқағаныңыздай, IB дипломының  артықшылықтарын көруге болады.  

Ата-аналар бүгінде қанша Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бар екенін жиі сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, олардың үшеуін де «Мирас»  мектебі  ұсына алады: 

  •  PYP 3-11 жас аралығындағы балаларға арналған; 
  •  MYP 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған; 
  •  Diploma Programme 16-19 жас аралығындағы жастарға арналған. 

Яғни, сіз шетелдік университтерге түсі жолын мектептен  бастай аласыз! 

 

2014 жылы Университеттер мен колледждердің  қабылдау комиссиясы (UCAS) Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының A-level бағдарламасымен  тең келетін жаңа бағалау жүйесін әзірледі. 


Возможно вам понравится


Грантқа өтінімдер қабылдау басталды Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар! 

MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...

Толығырақ
Жан DoStar Жан DoStar

Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге  асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...

Толығырақ
Грант  иегерлерінің қорытындысы Грант  иегерлерінің қорытындысы

«МИРАС»  Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конк...

Толығырақ