Грант  иегерлерінің қорытындысы

«МИРАС»  Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конкурс өткізді. Байқауға  өтінімдерді қабылдау ақпан айында басталып, 20 сәуірі  мен 5 мамыр аралығында  конкурс өтті.  

Байқауға қатысуға ниет білдірген  88 оқушының 27-сі іріктеу кезеңіне өтті. Байқау нәтижесінде 5 бала білім грантын  алды: 

• 50% грант: 

Сейтенова Адия 

Ілиясов Аңсар 

• 100%  толық грант: 

Жақсығалиева Аида 

Жақсығалиева Саяжан 

Құсайын Мұхаммед 

10-11-сыныптарға түсушілерге арналған конкурс орыс тілі, математика және ағылшын тілінен тестілеуді қамтыды, ал Дипломдық бағдарлама бойынша білім алғысы келетіндер ағылшын тілінен және математикадан ағылшын тілінде тест тапсыруы тиіс болатын. Тест нәтижелерімен қатар, оқушылардың бұрынғы оқу жетістіктері, олимпиадалар мен жарыстарға қатысуы ескерілді. 

Жаңадан қабылданған студенттермен қатар, өткен жылғы грант иегерлері Аманжол Айсана мен Серікқали Әбдірахман оқу үлгерімі мен мектептің қоғамдық өміріне қатысу нәтижесі бойынша оқу ақысын сәйкесінше 50% және 100% жеңілдіктерге  ие болды. 

«МИРАС» мектебінде білім алуға арналған гранттардың ресми демеушілері «Халық» қайырымдылық қоры мен «NNEF» Қоғамдық Қоры болып табылады. 

2024-2025 оқу жылына арналған гранттар конкурсына қатысуға өтінімдер 2024 жылдың ақпан айында басталады. Жаңалықтан құр қалмау үшін  мектеп сайты мен Instagram парақшамызды мұқият бақылаңыз! 


Возможно вам понравится


«Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын «Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын

2026 жылғы 16 мамырда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі негізінде I «Әлем...

Толығырақ
Гранттарға өтінім қабылдау басталды Гранттарға өтінім қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар!
 
«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жы...

Толығырақ
Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері

«NNEF» Қоғамдық Қоры және «Halyk» Қайырымдылық Қоры 2025–2026 оқу жылына А...

Толығырақ