Гранттарға өтінім қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар!
 
«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жылы үшін 10–11 сыныптарға және IB Дипломдық бағдарламасына білім беру грантын алу бойынша жыл сайынғы байқауға өтінім қабылдауды бастады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік мектептердің жоғары нәтижелі оқушыларын анықтап, халықаралық білім алуға ынталы оқушыларды анықтау және қолдау.

Байқауға қатыса алатын оқушылар:

  • 9 немесе 10 сыныпты бітірген;
  • барлық пәндер бойынша бағалары «жақсы» және «өте жақсы» деңгейінде;
  • тестілеу пәндері бойынша (математика, орыс тілі, ағылшын тілі) бағалары «өте жақсы»;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және орта білім беру ұйымында оқитын.

Байқауға іріктеудің өткізілу күндері:

  • Құжаттарды қабылдау-2026 жылдың 18 ақпаннан 10 сәуірге дейін;
  • Келесі кезеңге үміткерлерді іріктеу-2026 жылдың 13 сәуірден 24 сәуірге дейін;
  • Пәндер бойынша тестілеу-2026 жылдың 24 сәуірден 23 мамырға дейін;
  • Тестілеу нәтижелерін қорытындылау-2026жылдың 25 мамырдан 29 мамырға дейін;
  • Нәтижелерді жариялау-2026 жылдың 1 маусымнан 12 маусымға дейін.

Гранттар оқу ақысының 100% немесе 50%-ын құрайды.
Гранттар әр семестр сайын расталады.

10 немесе 11 сыныпқа түсу үшін келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет

  • Шет тілі (ағылшын тілі);
  • Математика (орыс тілінде);
  • Орыс тілі (эссе жазу).

IB дипломдық бағдарламасына түсу үшін
(оқу тілі – ағылшын тілі) келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет:

  • Ағылшын тілі;
  • Математика (ағылшын тілінде).

Грантқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Мектеп директорына жазылған жазбаша өтініш, ата-ананың (заңды өкілдің) қолымен қабылдау кеңсесіне тапсырылуы қажет, немесе скан-көшірмесін келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz
Баланың алдыңғы оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттар: үлгеру табелі, сертификаттар, мадақтамалар.
(PDF форматында келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz)

10 сынып:

11 сынып:

IB Дипломдық бағдарламасы:


Возможно вам понравится


«Мирас» халықаралық мектебіндегі жазғы лагерь «Мирас» халықаралық мектебіндегі жазғы лагерь

 «Мирас» халықаралық мектебі 6–10 жас аралығындағы балаларды жаз...

Толығырақ
«Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын «Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын

2026 жылғы 16 мамырда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі негізінде I «Әлем...

Толығырақ
Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері

«NNEF» Қоғамдық Қоры және «Halyk» Қайырымдылық Қоры 2025–2026 оқу жылына А...

Толығырақ