Университеттер Жәрмеңкесі-2023

Астанадағы «Мирас» халықаралық мектебі дәстүрлі түрде өткізетін «Universities Fair-2023» көрмесіне он үш жоғары оқу орны мен бес оқу орталығы қатысты. Жәрмеңке жоғары сынып оқушыларына арналды және жоғары сынып оқушыларының кәсіби дағдысын анықтау,    қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді қамтыды.

 

 

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге үздік отандық және халықаралық университеттердің өкілдерімен кездесу, оқуға түсу, оқу шарттарымен танысу секілді мүмкіндігін беру.

 

 

Бағдарламада гранттық бағдарламалар, оқуға қабылдау ережелері, мотивациалық  хат жазу ережелері, мамандық таңдау, жетекші мамандықтар жайында,  елімізде және шетелде оқудың ерекшеліктері айтылды.

 

 

Осы іс-шараға  белсенді  қатысқаны үшін барлық білім беру мекемелерінің өкілдеріне, №32 және 38 мектептің жоғары сынып оқушыларына шын жүректен алғыс айтамыз. Келесі жылы кездескенше!


Возможно вам понравится


Грантқа өтінімдер қабылдау басталды Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар! 

MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...

Толығырақ
Жан DoStar Жан DoStar

Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге  асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...

Толығырақ
Грант  иегерлерінің қорытындысы Грант  иегерлерінің қорытындысы

«МИРАС»  Халықаралық мектебі екінші рет 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранттарына конк...

Толығырақ