MB Дипломдық бағдарламасы - бұл халықаралық «Мирас» мектебінде оқудың ең соңғы кезеңі. Бұл бағдарлама Қазақстандағы және әлемдегі ең жақсы университеттерге есік ашады. Жақында 10-сынып оқушылары Дипломдық бағдарламасы бойынша, оқығысы келетін пәндерді таңдай алады. Сондай-ақ, мектепке түсу емтихандарының нәтижелері бойынша, 9-сынып оқушылары да қабылданады. Алдағы бірнеше аптада студенттер мен олардың ата-аналарына Дипломдық бағдарлама, оның басымдылықтары мен курстың құрылымы туралы ақпарат жіберіледі. Әр пәндік аймақ негізгі мектептің атриумында ұсынылады, мұнда студенттер негізгі элементтер туралы бейне жазбаны көруге мүмкіндік алады: білім теориясы курсында ( нені білдік, нені білеміз сұрақтар аясында), CAS (Шығармашылық, Әрекет, Қызмет) және студенттің өз зерттеуіне негізделген 4000 сөзден тұратын кең көлемді эссе жазады.