БІРЛІКТІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ

17 наурыз күні мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласындағы Әзірбайжан-Британ колледжінің студенттерімен «Наурыз» мейрамын тойлауға арналған онлайн кездесуін өткізді.
Кездесу «БІРЛІКТІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ » деген тақырып аясында өрбіді. Бұл онлайн сұхбаттың мақсаты - халықаралық мектептер арасындағы оқушыларымен достық қарым-қатынас орнатуға, ұлттық мәдениетке, дәстүрге және отбасылық құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеуге, мәдениеттердің ұқсастығы мен бірегейлігін анықтауға бағытталған .
Біз шуақты Әзірбайжан студенттеріне қызықты кездесу үшін алғыс айтамыз және біздің ынтымақтастығымыз ары қарай да жалғасады деп сенеміз!

https://www.facebook.com/watch/?v=282625176605857