Жыл сайын өтетін ECIS-тің сыйлығы

Жыл сайын өтетін ECIS-тің «Мәдениаралық түсінімі үшін» сыйлығы халықаралық мектептердегі үздік оқушыларды анықтайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар мыналар:

Өз елінің лайықты азаматы болуы;

Басқа ұлттардың мәдениеті мен салтына құрметпен қарауы;

Мектептегі қоғам өміріне белсенді қатысуы;

Әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара тату қарым-қатынасына ықпал ете білуі,өмірге жаһандық көзқараспен қарау.

ECIS 2021 сыйлығының иегері 10-сынып оқушысы Қыстаубаева Зерені шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің тәрбиеңізге үлес қосқан ата-анаңызға, ұстаздарымызға мың алғыс!