Шығармашылық апталығы



1-5 ақпан аралығында Халықаралық «Мирас» мектебінің балабақшасында шығармашылық апталығы басталды. Мұғалімдер әр түрлі шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық және қимылды ойындар дайындады. Осы аптаның мақсаттарының бірі - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.