Хабарландыру! Студенттік кеңес Президентін сайлау басталады

Жақында "Мирас" Халықаралық мектебінде Студенттер кеңесінің Президентін сайлау өтпекші. Сайлауға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Президент болуға үміткерлер анықталған соң, олар үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Үміткерлер алға қойға жоспарларымен таныстырып, бойындағы дарынын, шешендік, басқарушылық қабілеттерін көрсете білуі керек.

Алдағы апта жаңалықтарға болы болмақ, қадағалай жүріңіздер.