Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті достар!

Бұл күндері еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауда. Осыдан 30 жыл бұрын дүние жүзінің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болып, біз бүкіл әлем қауымдастығы мойындаған өз жолымызды бастадық. Бұл мереке еліміздің, болашақ ұрпақтың және тарихымыздың игілігі үшін алға қойған мақсаттарға жетуге әрқашан күш-қуат пен сенім береді! Баршаңыздың ізгі бастамаларыңызға табыс, зор денсаулық, жақсылыққа сенім және үлкен адамдық бақыт тілеймін! Отанымызға тыныштық пен амандық, әр шаңыраққа ынтымақ пен береке орнасын!

Құрметпен,
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық "Мирас" мектебінің директоры
Хамитова Е.М.