Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

Сіздерді көктем мерекесі «Наурыз» мейрамы мен бірлік пен өзара ынтымақ мерекесімен құттықтаймыз!

Ежелден бері бұл күн- сұлулық пен әдеміліктің, жаңару мен гүлденудің, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символы. Жаңа өмірдің басталуын бейнелейтін , көктем мерекесі сіздерге үлкен қуаныш пен бақыт әкелсін!

Сізге және сіздің жақындарыңызға шын жүректен денсаулық және сәттілік, өсіп-өркендеуді тілейміз!

Құрметпен,
Хамитова Елена Михайловна
Халықаралық "Мирас" мектебінің
директоры