1 желтоқсанда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде дәстүрлі мереке –Ұлттардың Мәдениаралық таныстырылымы күні өтті.
Мерекенің ұйымдастырушылары мен басты қатысушыларыі мектеп оқушылары болды. Мерекеге дайындық барысында оқушылар жер бетіндегі келісім мен бейбітшіліктің маңыздылығын, әлемдегі әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетінің құндылығы мен ерекшелігін түсінетіндігін көрсетті. Дәстүр бойынша шараға Қазақстандағы өзге елшіліктерінің өкілдері, қонақтар мен ата-аналар қатысады. Осы жылы біз жоғары мәртебелі Моңғолия Елшісі Доржын Баярхүү мырзаны, Қазақстандағы Үндістан Елшілігі жанындағы Үнді мәдени орталығының бірінші хатшысы Санджай Верди мырзаны қабылдау құрметіне ие болдық.
Әр елдің әсерлі қойылымдары, жарқын эмоциялар, керемет безендіру және тамаша мерекелік атмосфера үшін студенттерімізге және олардың ата-аналарына алғыс айтамыз!