Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу өтті.

22 қаңтар күні мектебімізде Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебіне оқуға түсу шарттарымен танысты. Университетте оқуға байланысты мәселелер атап өтілді: оқу қалай өтіледі, кабинеттердің жабдықталуы, жатақхана өмірі мен оқу материалдары.
Мектеп оқушыларымен кездесуді құжаттарды қабылдау бөлімінің бас менеджері Аида Сұлтанәлі мен Назарбаев Университетініңстуденттерді қабылдау бөлімінің бас менеджері Нұрхан Омарбеков өткізді.