Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы аясында 10-сынып оқушылары жеке жоба жұмысы бойынша жылы бойы жұмыс жасайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде 2021 жылдың 4 -5 наурызында, жеке жобалар көрмесі өтетіндігін қуана хабарлаймыз.
Әр жоба студенттің жеке зерттеген тақырыбындағы ғаламдық контекст туралы түсінігін көрсетеді.
MYP жеке жобасы студенттерге белгілі бір тақырып бойынша практикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді: сұрақ-әрекет-рефлексия. Жобалық іс-шаралар студенттерге жалпы оқу дағдыларын (ATL) көрсетуге мүмкіндік береді.
IB MYP жоба жұмысы- студенттердің өз шығармашылығын көрсететін керемет мүмкіндік.
Біздің жаңалықтарымыздан қалыс қалмаңыздар!