PYP көрмесі

12 наурыз күні бастауыш мектепте 2020-2021 жылының PYP көрмесі өтті. Шын жүректен 4-сынып студенттерін, сынып жетекшілерін және менторларын көрменің аяқталуымен құттықтаймыз! Биылғы жылы көрме ерекше болды, себебі онлайн форматта өтті. Соған қарамастан, студенттер бұл тапсырманы ойдағыдай орындап, өз жобаларын сәтті ұсынды. Көрме балаларға команданың әр мүшесінің маңыздылығын түсінуге, олардың мүмкіндіктерін бағалауға және қателіктері туралы ойлануға көмектесті. Біз студенттерімізге алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!