XIV халықаралық ХБМА конференциясы:

ТМД елдерінің арасында жыл сайынғы өтетін XIV халықаралық конференциясы: «IB мектептері: болашақты бірге құрамыз» тақырыбында 2021 жылдың 22-23 сәуірінде Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өтеді.

 

Конференцияға қолдау көрсететіндер:

 

∙ Халықаралық Бакалавриат Ұйымы;

∙ Microsoft компаниясының өкілдігі;

∙ «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» Қоғамдық Қоры.

Серіктестер:

∙ «РЕЛОД» Білім беру компаниясы (ХБМА мүшесі, Мәскеу қаласы);

∙ Isku Interior Oy жиһаз компаниясы ­­­­­(Финляндия);

∙ «МЕТЭК» агенттігі (Мәскеу қаласы);

∙ ХБ -тың Перм мемлекеттік гуманитарлық және педагогикалық университетінің провайдер-орталығы (Перм қаласы);

∙ Astana IT University, Нұр-Сұлтан қаласы (Қазақстан Республикасы)

∙ «Педагогикалық жүйе институты» бейкомерциялық ұйымы (Мәскеу қаласы);

∙ КИРО бейкомерциялық ұйымы (Казан қаласы, Татарстан Республикасы).

Конференцияға мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінің басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары, ХБ мектептерінің халықаралық бағдарламаларының координаторлары, бастауыш, негізгі , орта білім беру мұғалімдері, психологтары, мемлекеттік және бизнес өкілдері, сондай-ақ, Халықаралық Бакалавриат, басқа да халықаралық ұйымдардың ресми өкілдері қатысады.