Біз ойнаймыз, көңіл көтереміз
Біз аяздан да қорықпаймыз!
Бұл спорт мерекесінің ұраны.
4-5 ақпан аралығында "Мирас" балабақшасында «Қысқы көңіл - күйді көтеру» атты спорт мерекесі өтті.
Қысқы көңіл - күйді көтеру мерекесі - бұл балалар үшін үлкен қуаныш және олардың денсаулығына пайдасы зор. «Мирас» балабақшасының тәрбиеленушілері өздерінің тәрбиешілерімен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімімен бірлесіп «Қысқы Көңілділер» мерекесін қызықты да көңілді өткізуді ұйғарды. Аулаға шығайық тезірек, бізді шана мен шаңғы, мұз, қар бүршіктері, тіпті «Аққала» мен «Аю» күтіп тұр! Біздің балабақшада балалардың қысқы ойындары мен демалысы үшін қажет нәрсенің бәрі бар: шана, шаңғы және де керемет көңіл-күй! Тіпті ең аязды қыста бәріміз жылы, көңілді көңіл-күйге бөленіп, әрқашан денсаулыққа «Иә» дейміз!