Нұр-Сұлтан қаласындағы «Мирас» мектебінің @miras_nursultan_kz оқушылары «Камисибай» #紙芝居 қойылымында өздерін сынап көрді.
Камисибай (қағаз театры) қандай да бір әңгіме-оқиғаларға арнап жасалған иллюстрациялар сериясының көрсетілімі немесе арнайы жазылып әңгімемен баяндалатын қойылым.
1950 жылдары манга не теледидар болмаған кезде, балалар арасында Камисибай өте танымал ойын-сауық түрі болған. Камисибай #манга және #аниме тарихындағы бастаманың алғашқысы болып табылады.
Жапония Республикасының Елшілігі суреттегі қағаз театры иллюстрацияларының жақтауын ұсынды. «Мирас» мектебі Жапония елшілігіне өзінің алғысын білдіреді!