Мектептін ата-аналары мен мұғалімдер қауымдастығы (АМҚ) -мектептің іс-шараларына белсене араласатын әр сынып өкілдерінен құралған қамқор және шығармашыл адамдар ұжымы.
Ата-аналар мен мұғалімдердің қауымдастығы мектептің миссиясын, көзқарасын және мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған:
- ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы байланысын нығайтуға көмектесу;
- мектептің беделі мен абыройын сақтау;
- мектепті PYP/MYP/DP бағалау кезеңінде және ТМД аккредиттеу кезеңіне дайындалуға белсенді қатысу;
- оқушылардың тәртіпке, мінез-құлық нормаларына, ата-аналарға, үлкенге деген қамқорлық қатынасына саналы көзқарасын қалыптастыруға белсенді қатысу;
- кәсіптік бағдар беру шараларына қатысу;
- ата-аналарды белсенді мектеп өміріне және сабақтан тыс жұмыстарға жұмылдыру;
- оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатындағы іс-шараларға қатысу;
- студенттер арасында азаматтық , мәдениетаралық түсіністікті қалыптастыруға ықпал ету;
- CAS және Service as Action бағдарламалары аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысу.