Музыкалық мектебі
Балалар музыкалық мектебі (БММ)

Халықаралық «Мирас» мектебінің оқушылары өз мектебінің қабырғасында қосымша музыкалық білім алуға мүмкіндіктері  бар.

СБалалар музыка мектебінде оқу мерзімі - 5 жыл. Студенттерге фортепиано, домбыра, скрипка, вокал мамандықтары ұсынылады. Балалар музыкалық мектебінде білім алу келесі міндетті пәндерді оқуды көздейді: мамандық (таңдаған бағыты бойынша), сольфеджио, музыкалық әдебиет, қазақ музыкалық әдебиеті, жалпы фортепиано, хор. Балалар музыка мектебін бітіргеннен кейін, арнайы  сертификат беріледі. Музыкалық мектеп 6 жастан бастап балаларды қабылдайды.

Балалардың музыкалық мектебінде оқытудың сараланған тәсілі үшін қосымша екі бағыт бар   –  «Музыкалық студия» және  «Ерте бастан музыкалық дамуы» тобы.

 

Музыкалық студия

Музыкалық студияға 4-5 жастан бастап балалар қабылданады. Жеке сабақтарға арналған нұсқаулар: фортепиано, вокал, флейта, скрипка, барабан, домбыра. Топтық сабақтар: домбыра ансамблі, вокалды ансамбль. Сабақтар аптасына екі рет 40 минуттан өткізіледі.

Ерте бастан музыкалық дамыту

«Ерте музыкалық даму» бағытының бағдарламасы мектеп жасына дейінгі 4-тен 6 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл бағытта баланың музыкалық қабілетін, оның шығармашылық қабілеттерін  дамытуға бағытталған.

Топтық сабақ барысында балалар өз қабілет деңгейін тікелей көрсетеді.Оқушылар топтық және жеке жұмыс жасауға үйренеді. Балалар музыкалық қойылымдарға қатысады, музыкалық және пластикалық қимылдар жасайды, микрофонмен жұмыс жасауды, оркестрде ойнауды, сүйікті әндерін орындауды үйренеді.

Музыкалық режиссер студенттерге олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, музыкалық қабілеттерін дамытуға,  оларды көпшілік алдында өздерін еркін  ұстауға көмектеседі.

Сағат саны: аптасына 2 рет (түстен кейін).

Топ құрамы:  адамға дейін

Ұзақтығы: 30 мин.