Бастауыш мектебі
Халықаралық «Мирас» мектебінің бастауыш деңгейі

Бастауыш мектеп бағдарламасы 2-ден 10 (11) жасқа дейінгі балаларға арналған және Халықаралық бакалавриат бағдарламасының (IBPYP) негізгі ережелеріне және білім берудің бастапқы кезеңіне арналып, Қазақстан Республикасының білім стандарттарына негізделген. Бастауыш білім беру бағдарламасының негізі қызметі оқыту мен оқудың зерттеу болып табылады, оның барысында бала қойылған сұрақтарға жауап іздеу арқылы қоршаған әлемді танып біледі және өмірде алған білімдерін қоғам мен қоршаған ортаның пайдасы үшін қолданудың алғашқы тәжірибесін алады.

Халықаралық «Мирас» мектебінде оқудың бастапқы кезеңіне мыналар кіреді:

  • мектепке дейінгі тәрбие - балабақша (2-5 жас), мектепке дейінгі білім (5-6 жас);
  • бастауыш білім - 1-4 сыныптар.

 

Бастауыш мектеп бағдарламасының айрықша ерекшелігі - білім берудің бастапқы кезеңіне арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына тән оқытудың зерттеу әдісі.

Зерттеу алты негізгі сұрақтарға негізделген - дисциплиналық тақырыптар, олардың айналасында ғылыми-зерттеу бағдарламасы шеңберінде кіші жастағы оқушылардың құрылымдық іздеу-танымдық іс-әрекеттері ұйымдастырылады:

  • Біз кімбіз?
  • Біз өзімізді қалай танытамыз?
  • Біз өзімізді қалай ұйымдастырамыз?
  • Уақыт пен кеңістікте біз қайдамыз?
  • Әлем қалай құрылды?
  • Ғаламшарды бөлісу.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 

Халықаралық бакалавриат бағдарламасының білім берудің бастапқы кезеңіне арналған ұсыныстарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы 6 білім беру саласы бойынша құрылымдалған: «Тілдер», «Математика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Өнер», «Тұлғалық және әлеуметтік даму», бұл Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына кіретін білім беру қызметінің барлық бағыттарын қамтиды.

Әрбір білім беру саласы мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы адамзаттық құндылықтармен таныстыруға ықпал ететін, жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, әлеуметтік және жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін пәндер циклын қамтиды.

Балалардың күндізгі оқу қызметі келесі білім беру бағыттарына сәйкес блоктар бойынша жоспарланады:

«Тілдер» білім беру саласы мектептер мен балабақшалардың білім беру моделінің негізі болып табылатын көптілділік қағидатына сәйкес келетін және оқушылардың мектептегі тілдік құзыреттілігі мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған қазақ, ағылшын және орыс тілдерімен ұсынылған, бұл әсіресе халықаралық мектептің көптілді ортасында маңызды болып табылады. Бұл бағыт тіл дамыту, көркем әдебиет, сауаттылық және драматалық бағыттарға арналған оқу бағдарламаларының мақсаттарын қамтиды

«Математика» білім беру саласы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің келесі түрлерін қамтиды: математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру, математикалық құрастыруды дамыту.

«Адам және қоғам» білім беру cаласы әр түрлі әлеуметтік топтардың мәдени-тарихи сипаттамалары туралы мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы түсініктерін қалыптастыруға, қазақ халқы мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен таныстыруға, сондай-ақ толеранттылық пен мінез-құлық нормаларын тәрбиелеуге бағытталған.

«Жаратылыстану» білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балаларда жаратылыстану ғылымдарын зерттеудің негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған. Іздеу-тану іс-шаралары арқылы балаларды табиғат құбылыстарымен және тірі-жансыз табиғат ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған.

«Өнер» білім беру саласы академиялық пәндер ұсынылады: музыка, хореография, бейнелеу өнері (сурет, мүсіндеу, құрау) және мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттері мен әлемді эстетикалық қабылдауын дамытуға бағыттайды..

«Тұлғалық және әлеуметтік даму» білім беру саласы дене тәрбиесі, өзін-өзі тану оқу бағдарламаларымен және мектеп жасына дейінгі балалардың барлық кезеңінде ұйымдастырылатын оқу және сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлері арқылы жүзеге асырылатын жеке, әлеуметтік және дене тәрбиесі (Personal, Social and Physical  Education), бағдарламасымен ұсынылады.

Оқу бағдарламасын іске асыру алты пәнаралық тақырыпқа негізделген Зерттеу бағдарламасы шеңберінде балаларды ізденімпаздыққа ұйымдастыру және танымдық белсенділігі арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Балабақшалардың барлық дайындық курстарына арналған сабақтар Халықаралық бакалавриат бағдарламасының бастапқы кезеңіне арналған пәндік нұсқаулықтың ұсыныстарына және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақстандық білім беру мен оқыту бағдарламаларына негізделген кіріктірілген оқу жоспарлары бойынша өткізіледі.

Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады)

Бастауыш мектеп бағдарламасының айрықша ерекшелігі - білім берудің бастапқы кезеңіне арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына тән оқытудың зерттеу әдісі. Пәнаралық зерттеу бағдарламасына сәйкес бастауыш мектепте оқудың барлық жылдарында қарастырылған  негізгі сұрақтардың әрқайсысының шеңберінде әр түрлі проблемаларды (зерттеу тақырыптарын) оқып үйрену арқылы жас оқушының табиғи қызығушылығына бағытталған табиғи танымдық процес құрылады.

Әр оқу жылында бастауыш сынып оқушылары әр сұрақ бойынша бір тақырыпты зерттейді. Әдетте, зерттеу тақырыбы әр түрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап іздеп, негізгі ойды барлық сабақтарда қарастырады. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекетті мұндай ұйымдастыру осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің бірлесіп жұмыс жасаған кезінде ғана мүмкін болады және барлық пәндер бойынша оқу бағдарламасында көрініс табады.

 

Бастауыш мектеп білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері:
  • «Тіл және әдебиет» білім беру саласы мектептің білім беру моделінің негізі болып табылады. Көптілділік қағидатына сәйкес келетін және оқушылардың тілдік құзыреттілігі мен коммуникативті дағдыларын ерте дамытуға бағытталған қазақ, ағылшын, орыс және француз тілдері ұсынылады. Мектеп командасының халықаралық (көп тілді немес көп ұлтты) құрамы ерекше маңызды.
  • Ағылшын тілін үйренуге ерекше назар аударылады. Ағылшын тілі бағдарламасы жас оқушылардың ізденімпаздық-танымдық іс-әрекеті барысында сөздік қорын молайтуға және тіл байлығын дамытуға ықпал ететін Зерттеу бағдарламасы тақырыптарына негізделген. Күнделікті ағылшын сабақтары, басқа пәндерді оқытуда ағылшын тілін қолданудың біртіндеп көбеюі білім берудің келесі кезеңдерінде бастауыш мектеп түлектері ағылшын тілінде оқуы үшін жеткілікті тілдік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  • Басым бағыттардың бірі - математиканы оқыту және мектептің білім беру бағдарламасын іске асыруда STEAM тәсілін қолдану, ол оқу бағдарламасының мазмұны және STEAM-ға назар аудара отырып, жобалық іс-әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты.
  • Образовательная область «Естествознание» представлена интегрированным курсом «Естествознание», который объединяет в себя первоначальные основы всех естественнонаучных дисциплин (химия, физика, биология) и является ядром программы исследования в 1-4 классах.
  • «Жаратылыстану» білім беру саласы барлық жаратылыстану ғылымдарының (химия, физика, биология) бастапқы негіздерін біріктіретін және 1-4 сыныптардағы зерттеу бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылатын «Жаратылыстану» кіріктірліген курсымен ұсынылған.
  • «Адам және қоғам» білім беру саласының пәндері (әлемді тануы, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы) бірыңғай  курсқа біріктіріліп, осы пән бойынша Халықаралық бакалавриат бағдарламасының білім беру мақсаттарымен толықтырылды, бұл зерттеу бағдарламасы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу әрекеті үшін теориялық және практикалық жағынан негіз жеткілікті құру қажеттілігінен туындайды.
  • «Технология және өнер» білім беру саласы академиялық пәндерді ұсынады: музыка, хореография, бейнелеу өнері, компьютерлік технологиялар («Информатика» курсының мазмұнын қамтиды). Бұл пәндердің бір топта бірігуі зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы пәндердегі зерттеуге арналған пәнаралық тәсілге байланысты. Компьютерлік технологияны оқыту бірінші сыныптан бастап қамтамасыз етіледі, ал компьютерлік дағдылар оқу бағдарламасының барлық пәндері арқылы дамиды.
  • «Тұлғалық, әлеуметтік және дене тәрбиесі» білім беру саласы білім берудің бастапқы кезеңіне арналған Халықаралық бакалавриат бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және тұлғалық-әлеуметтік даму бағдарламасымен толықтырылып, «Дене тәрбиесі» және «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды. Бұл бағдарлама оқушылардың құндылықтары мен жеке қасиеттерін, жалпы білім беру дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған және зерттеу тақырыптары аясында, сонымен қатар оқу бағдарламасының барлық сабақтары, сондай-ақ сынып жетекшілері өткізген сынып сағаттары арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп білім беру бағдарламасының маңызды ерекшелігі - кіші жастағы оқушылардың жалпы білім беру дағдыларын дамытуға бағытталуы (Approaches to learning skills), оған мыналар кіреді:

Қарым-қатынас дағдылары

Қарым-қатынас - тыңдап және түсіндіре білу, сөйлеу дағдылары

Сауаттылық - ақпарат алмасу үшін тілді қолдану, оқу, жазу дағдылары

АКТ - ақпаратты жинап, іздеп және беру үшін ақпараттық технологияларды қолдану

Әлеуметтік дағдылар

Тұлғааралық қатынастар, әлеуметтік және эмоционалды интеллект

Тұлғааралық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту

Ойлау  дағдылар

Сыни тұрғыдан ойлау - мәселелер мен идеяларды талдау және бағалау, шешімдерді тұжырымдау

Шығармашылық ойлау - жаңа идеяларды тудыру және жаңа перспективаларды қарастыру

Ақпараттық түрлендіру - дағдылар мен білімдерді әр түрлі жағдайда қолдану

Рефлексия және метатану - оқу-танымдық процесте рефлексия жасау үшін ойлау қабілеттерін қолдану

Зерттеу дағдылары

Ақпараттық сауаттылық - мәліметтерді тұжырымдау және жоспарлау, жинау және тіркеу, синтездеу және интерпретациялау, бағалау және бөлісу

Медиа сауаттылық - идеялар мен ақпараттарды табу үшін медиа ресурстарды пайдалану

Бұқаралық ақпарат құралдарын этикалық пайдалану - ақпаратты қолданудың этикалық ережелерін түсіну және сақтау

Өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары

Ұйымдастыру - уақытты тиімді пайдалану және тапсырмаларды орындау

Өзін өзі басқару - ішкі эмоцияны басқаруға мүмкіндік беретін стратегияларды қолдану

Бастауыш мектептегі білім берудің шарықтау және қорытынды кезеңі - оқушылардың жеке және топтық жобаларының көрмесі, оның барысында балалар барлық академиялық пәндер бойынша бастауыш мектепте алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын көрсетуге