Мектепке қалай түсуге болады

1  Өтінімді толтыру 

Біздің мектебіміз туралы  білгіңіз келсе, өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен өтінім қалдырыңыз: бізге қоңырау шалыңыз, WhatsApp арқылы немесе электрондық поштаға жазыңыз. Жауап ретінде біз мектеп туралы ақпарат беріп, сізді мектеп турына тіркейтін боламыз.

2 Мектептің турына келу   

Мектептің атмосферасын сезінудің ең жақсы жолы - жеке келіп, барлығын өз көзіңізбен көру. Мектепке саяхаттау кезінде  біз мектеп туралы егжей-тегжейлі айтып, оның барлық инфрақұрылымын, соның ішінде сіздің балаңыз оқитын сыныпты көрсетеміз. 

3  Сынақтан өту 

Мектеп сіздің балаңыз үшін қолайлы екеніне  көз жеткізу үшін қабылдау емтиханын тапсыруыңызды сұраймыз. Ол  әдетте әртүрлі мамандар дайындаған тестілеу немесе сұхбаттардан тұрады:  
  • балабақша – психологі, логопед, мектепалды  даярлық бөлімінің  үйлестірушісімен әңгімелесу. 
  • 0 -1сыныптар – психолог, логопед, бастауыш сынып мұғалімімен әңгімелесу; 
  • 2-4 сыныптар – орыс тілі мен математикадан тест; 
  • 5-12 сыныптар – орыс тілі, математика және ағылшын тілінен тест. 

4 Құжаттарды жинастыру 

Балаңызды мектепке тіркеудің барлық рәсімдерін орындау үшін қажетті құжаттарды жинауыңызды сұраймыз. Бұл қабылдау үдерісіндегі өте маңызды кезең – біз барлық мектеп құжаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімдейміз. 

5 Келісімшарт жасау 

Барлық құжаттар жиналып, дайындалған соң, келісімшартқа қол қойып, төлем жасау ғана қалады. 

Құттықтаймыз, сіздің балаңыз «Мирас» мектебіне қабылданды! 

Қазақстан, Астана қаласы, Күйші Дина к-сі 34
 
Толық ақпарат алу үшін қабылдау ережелері бар құжатты жүктеп алуға болады.
Жүктеу