Орта мектеп
Орта  мектеп  бағдарламасы  (5-9 сыныптар)

Бағдарлама 11 мен 16 жас аралығындағы оқушыларға  Халықаралық Бакалавриаттың  орта мектеп бағдарламасына негізделген және Қазақстандық білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып жасалған.

Бағдарлама студенттерді шығармашылық қабілетін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауға және оқу пәндері мен шынай өмір  арасындағы байланысты түсінуге шақырады.

Бағдарламаның  басты назарға  алатыны: заман талабына  сай жаһандық түсінігі мол өз ұлтын сүйетін, өзгені  құрметтей  алатын, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен жаһандық өзара әрекеттестікке ғаламдық маңызды мәселелерге бей-жай  қарамайтын  табысты да, білімді адам тәрбиелеу.

Оқу процесінде студенттер мынандай жаһандық мәнмәтінді зерттеулері тиіс: 

  • Жаһандану және тұрақты дамуы
  • Қоғамда өз-өзін тануы   
  • Тұлғалық және мәдени көзқарасы
  • Ғылыми-техникалық жаңашылдығы

 

Халықаралық бакалавриат ұйымының талаптарына сәйкес негізгі мектептің  оқу жоспарында барлық сыныптарда сегіз білім беру саласы бар: тіл және әдебиет (ағылшын, қазақ, орыс), шет тілі (екінші тілдер: қазақ, ағылшын, орыс, француз), математика. , жаратылыстану ғылымдары (жаратылыстану, химия, физика, биология), адам және қоғам (Қазақстан тарихы; дүниежүзілік тарих; адам, қоғам құқығы; география; экономика және бизнес), дизайн (компьютерлік технологиялар және сандық дизайн), өнер (бейнелеу және орындаушылық өнер ), дене шынықтыру. 

  • «Тіл және әдебиет» пәндік бағыты кіріктірілген курстардан тұрады: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Ағылшын тілі мен әдебиеті». Оқушылардың тілдік шеберліктерін анағұрлым тиімді дамыту үшін, сондай-ақ оқытуға дифференциалды көзқарасқа жағдай жасау мақсатында әр сыныпта қазақ және шет тілдерін оқыту екі-үш деңгейлі топтарда жүзеге асырылады.
  • «Host Country Study»  пәні шетелдік студенттерді Қазақстан тарихы мен мәдениетімен таныстыруға және оларды қазақ тілінде сөйлеудің  алғашқы кезеңдерімен таныстырады
  •  Мектептегі тіл саясатына сәйкес оқыту тілдерінің бірі, сондай-ақ  мектепішілік қарым-қатынас тілі болып табылатын ағылшын тілін оқуға ерекше көңіл бөлінеді. Ағылшын тілі бағдарламалары  ағылшын тілді ортада  балалардың тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын одан әрі дамытуға, бірқатар академиялық пәндерді ағылшын тілінде оқуды көздеген.Оқушылардың тілдік дайындығын жетілдіруі    жоғары мектеп деңгейіндегі  Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасында қиналмай оқуға  бағытталған.
  • Мектептің білім беру бағдарламасында 5-сыныптан бастап оқушылар  STEM пәнаралық жобаларымен айналысады.   
  • «Дизайн» білім берудің  мақсаты студенттерге бағдарламалау тілдерін, заманауи компьютерлік технологияларды, робототехника негіздерін үйретуге және цифрлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
  • «Өнер» білім беру бағыты- негізгі мектеп оқушылары үшін Халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптарына сай, музыкалық, бейнелеу өнері, хореография.
  • 9 және 10 сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі арнайы курстар  студенттерді Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасында оқуға дайындалуға бағытталған (11-12 сыныптар).

Оқу жоспарының ерекшеліктері:

Негізгі мектеп бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау - бұл 10-сынып оқушыларының жеке жоба жұмысының міндетті түрде жүзеге асырылуы; оқушы өзінің ішкі қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, тақырыпты  өзі таңдайды. Жеке жоба - бұл белгілі бір тақырып бойынша қорытынды жұмыс емес, ол оқушының ғаламдық контекстті түсіну деңгейін және оқушының өз бетінше оқу-танымдық іс-әрекетке қабілеттілігін көрсетеді. Жобаны бағалау кезінде, ең алдымен, оқушының жоба бойынша жұмыс жасау кезінде қолданған дағдыларының қалыптасу деңгейіне назар аударылады.

10-сыныптың оқу жоспары Халықаралық Бакалавриат Ұйымы жүзеге асыратын, халықаралық мектептің білім берудің негізгі кезеңінің кіріктірілген білім беру бағдарламасын аяқтауға, әр білім беру бағыты бойынша  (оқушылардың таңдауы бойынша) академиялық пәндердің бірінде оқушылардың жетістік деңгейінің қорытынды бағасын, негізгі мектепті аяқтағаны туралы сертификат алуға бағытталған.  MYP бағдарламасын аяқтаған соң студенттердің алдында Дипломдық Бағдарлама бойынша күрделі оқу курсынан өту қажет.(11-12 сыныптар)