Жоғарғы мектеп
Жоғары мектеп төмендегі бағыттармен ұсынылады:

• 10–11-сыныптар — Miras High School бағдарламасы — қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттары кіріктірілген екі жылдық курс. Бағдарлама оқушыларды әлемнің кез келген еліндегі жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға бейімдеп, бейіндік дайындықты қамтамасыз етеді.

• Дипломдық бағдарлама (DP1, DP2) — 16–19 жас аралығындағы студенттерге арналған, оқыту тілі ағылшын тілінде, жоғары мектепке арналған Халықаралық Бакалавриаттың екі жылдық бағдарламасы. Бағдарламаға 9 немесе 10-сыныптан кейін қабылданады.

Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы

Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы - бұл 16 жастан 19 жас аралығындағы студенттерге арналған екі жылдық ЖОО-ға дейінгі білім беру бағдарламасы.

Бұл бағдарлама бойынша оқыту тек ағылшын тілінде жүзеге асырылады және студенттерді әлемнің ең жақсы университеттерге  түсуіне дайындауға бағытталған.

"Miras" мектебі IB бағдарламасының  6 пәндік тобы бойынша келесі пәндерді ұсынады:

  • Тіл А: Ағылшын тілі мен әдебиеті, Орыс әдебиеті
  • Тілді меңгеру: В тілі - ағылшын, орыс, француз тілі ab initio
  • Жекелеген тұлғалар және қоғам: Экономика, Бизнес менеджменті, География, Психология
  • Жаратылыстану пәндері: Химия, Биология, Физика, Компьютер ғылымы
  • Математика: қолданбалар және интерпретация
  • Өнер

Әр студентке бағдарламада оқу үшін әр білім беру саласынан бір пәнді таңдау құқығы беріледі (кемінде үш пән тереңдетілген деңгейде, ал үшеуі стандарт деңгейі бойынша оқылады).

Бағдарлама бойынша оқыту жылына кемінде 100 сағат бөлінетін  «Таным теориясы» үшін міндетті пәнді оқып-үйренуді қарастырады.

Бағдарламаның аяқталуы алдында ХБ ұйымының тәуелсіз сарапшылары жүргізетін міндетті сыртқы бағалау жүргізіледі.  Бағдарламаны аяқтағаны туралы диплом алу үшін студент емтихан жұмыстарының барлық түрлерін сәтті аяқтап, (шамамен 4000 сөзден)  тұратын зерттеу эссесін жазып, (150 сағаттан кем емес)  CAS  (Шығармашыл. Әрекет.Қызмет / Creativity. Act. Service) қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы керек.

Халықаралық бакалавриат дипломы алғаннан  кейін, әлемнің жетекші университеттеріне қабылдау  емтихансыз қабылдануына , шетелдік   көптеген университеттерінің    Foundation бағдарламасына  түсуге мүмкіндік береді.