«NNEF» Қоғамдық Қоры
"NNEF"Қоғамдық қоры

«NNEF» қоғамдық қоры 1998 жылы құрылды. Қор жұмысының алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға көмектесу мүддесін  анықтады. Қордың міндеті - озық ұлттық және халықаралық тәжірибені қолдану, халықаралық білім беру бағдарламалары мен нормаларын ел біліміне енгізу және тарату. Осы мақсаттарға жету үшін Білім қорының қамқорлығымен үш халықаралық мектеп құрылды: Халықаралық «Мирас» мектептері Астана  және Алматы қалаларында, Алматы Халықаралық мектебі.

Қордың қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады

  • Қордың балабақшаларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты мен балабақшалардың заманауи халықаралық әдістерін кіріктіру негізінде сапалы білім беру процесін ұйымдастыру.
  • Халықаралық қор мектептерінің білім беру моделін жетілдіру.
  • Астанадағы  Халықаралық «Мирас» мектебінің құрамында француз мектебінің дамуы.
  • Қор мектептерінде білім сапасын басқару жүйесін жетілдіру.
  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.
  • Қордың балабақшалары мен халықаралық мектептерінде Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесіндегі тәжірибесін тарату.
  • Қор мектептерінің халықаралық аккредитациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен ынтымақтастықта жұмыс жасау.
  • Жоғары орта деңгейдегі мамандандырылған әскери білім беру моделін жасау.
  • Қордың және оның филиалдарының қызметін насихаттау.
  • Қордың қайырымдылық қызметін дамыту.