«Бірге өмір сүруді үйренеміз» Халықтар достығы фестивалі

30 қараша күні мектебімізде жыл сайын «Бірге өмір сүруді үйренеміз» халықтар достығы фестивалі өтті.  Бұл шара мәдениетаралық түсінімді  дамытады және әртүрлі мәдениеттердің құндылықтарына құрмет көрсетеді.  Біздің студенттер Қытай, Египет, Мексика, Испания, Малайзия, Бразилия, АҚШ, Үндістан, Түркия, Жапония халықтарының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, ойындары мен тағамдарын көрсетті. 

 

Бірлік пен ынтымақтастықтың  ордасы «Мираста»  өткен қараша айының  ең жарқын мерекесі көпжылдық дәстүрге беріктігіміздің дәлелі болды. 

 

Фестивальді ұйымдастыруға белсенділік танытып, қолдау көрсеткен барлық оқушылар мен ұстаздарға, сондай-ақ ата-аналарға шын жүректен алғыс айтамыз!  Келесі оқу жылындағы  фестивальде кездескенше!