Мирастықтардың көпшілігі үшін төртінші тоқсан әдеттен тыс басталды: оқушылар дүйсенбіде көктемгі демалыстан шыға сала, сейсенбіде коронавирустың шектеулеріне байланысты жаппай мектепке орала алмады.
Бірақ оқу процесі үзілмейді! Интернет құралдарын жетік меңгерген мұғалімдерге оқушылармен табысты қарым-қатынас құруға, балалардың жаңа нәрселерді білуіне және қиындықтарды жеңуге, қызығушылықты сақтауға мүмкіндік береді. Сабақты шығармашылық тәсілдер арқылы ұйымдастыру мен үй тапсырмасының көлемі қашықтықтан оқытуды тиімді етеді, сонымен бірге оқушылардың күш – жігерін, денсаулығын сақтау қазіргі кезде ерекше маңызды.
Біз барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Адам көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болыңыз, қолыңызды жуыңыз, бетпердеңізді жиі ауыстырыңыз, үйіңізді жиі желдетіңіз!
Мектеп оқушыларының оралуын асыға күтеді! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!