Коронавирустық пандемияға байланысты шектеу талаптарының жалғасуына байланысты мектеп дәстүрлі үшжақты конференцияларды өткізуден бас тартуға мәжбүр болды. Ата-аналар балаларының жетістіктерін мұғалімдермен талқылауы үшін, онлайн кездесулер ұйымдастырылды.
Қарым-қатынас онлайн форматта болғанына қарамастан, кездесулер әдеттегі оффлайндық кездесулер сияқты сәтті және пайдалы болды.
Екі күн бойы сынып жетекшілері студенттердің ата- аналарымен жеке онлайн-кездесулер өткізді. Бір күн ішінде осындай 100-ге жуық кездесулер өтті! Осының барлығы мектептің IT-департаментінің, сынып жетекшілерінің және "Мирас"мектебінің барлық мұғалімдерінің жұмысының нәтижесі.
Әрине, біз мектепте де барлық ата-аналармен кездесіп, болашақ жоспарлар туралы ақылдасуға болатын еді. Дегенмен, жаңа форматтағы кездесу де кедергі келтіре алмады. "Мирас" -бұл ата-аналар, ұстаздар және студенттерден тұратын біртұтас ұжым.