«Мирас» халықаралық мектебіндегі жазғы лагерь

 «Мирас» халықаралық мектебі 6–10 жас аралығындағы балаларды жазғы демалысты қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізуге арналған қалалық лагерьге шақырады.

 Біздің лагерьде демалыс, даму, шығармашылық және достық қарым-қатынас үйлесім табады.

Біз балалардың қабілеттерін ашуына, жаңа достар табуына, жаңа дүниелерді байқап көруіне және жаз мезгілін белсенді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жайлы орта қалыптастырамыз.

Бағдарламада:
• шығармашылық шеберлік сағаттары;
• спорттық және топтық белсенділіктер;
• тақырыптық ойындар, квесттер мен жобалар;
• таза ауадағы серуендер мен пикниктер;
• экскурсиялар мен көшпелі іс-шаралар;
• кәсіби аниматорлардың қатысуы;
• қарым-қатынас және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Лагерьде қауіпсіз әрі достық атмосфера қалыптастыруға, балалардың қарым-қатынас дағдыларын, дербестігін және командада жұмыс істей білу қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Лагерь 2026 жылғы 8–19 маусым аралығында (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) Лагерь «Мирас» халықаралық мектебінде келесі мекенжай бойынша жұмыс істейді:
Күйші Дина көшесі, 34.

Лагерьдің жұмыс уақыты:
09:00–16:00

Қатысушылардың жасы:
6–10 жас

Балаларға күніне 4 мезгіл тамақ ұсынылады:
• таңғы ас;
• дәруменді үзіліс;
• түскі ас;
• бесін ас.

Қосымша ақпарат алу немесе балаңызды тіркеу үшін:
Тел: +7 778 407 68 38 нөмірі бойынша хабарласыңыз.


Возможно вам понравится


«Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын «Әлем үндестігі» халықаралық өнер фестиваль-байқауын

2026 жылғы 16 мамырда Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі негізінде I «Әлем...

Толығырақ
Гранттарға өтінім қабылдау басталды Гранттарға өтінім қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар!
 
«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жы...

Толығырақ
Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері

«NNEF» Қоғамдық Қоры және «Halyk» Қайырымдылық Қоры 2025–2026 оқу жылына А...

Толығырақ