Гранттарға өтінім қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар!

 

«MIRAS» халықаралық мектебі 2026–2027 оқу жылы үшін 10–11 сыныптарға және IB Дипломдық бағдарламасына білім беру грантын алу бойынша жыл сайынғы байқауға өтінім қабылдауды бастады.
 

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік мектептердің жоғары нәтижелі оқушыларын анықтап, халықаралық білім алуға ынталы оқушыларды анықтау және қолдау.

 

Байқауға қатыса алатын оқушылар:

  • 9 немесе 10 сыныпты бітірген;
  • барлық пәндер бойынша бағалары «жақсы» және «өте жақсы» деңгейінде;
  • тестілеу пәндері бойынша (математика, орыс тілі, ағылшын тілі) бағалары «өте жақсы»;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және орта білім беру ұйымында оқитын.

 

Балл тең болған жағдайда, байқау жеңімпаздары халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың (I, II немесе III дәрежелі диплом) лауреаттары басымдыққа ие болады.

 

Байқауға іріктеудің өткізілу күндері:

Құжаттарды қабылдау-2026 жылдың 18 ақпаннан 10 сәуірге дейін

Келесі кезеңге үміткерлерді іріктеу-2026 жылдың 13 сәуірден 24 сәуірге дейін

Пәндер бойынша тестілеу-2026 жылдың 24 сәуірден 23 мамырға дейін

Тестілеу нәтижелерін қорытындылау-2026жылдың 25 мамырдан 29 мамырға дейін

Нәтижелерді жариялау-2026 жылдың 1 маусымнан 12 маусымға дейін

 

Гранттар оқу ақысының 100% немесе 50%-ын құрайды.
Гранттар әр семестр сайын расталады.

 

10 немесе 11 сыныпқа түсу үшін келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет

  • Шет тілі (ағылшын тілі)
  • Математика (орыс тілінде)
  • Орыс тілі (эссе жазу)

 

IB дипломдық бағдарламасына түсу үшін
(оқу тілі – ағылшын тілі) келесі пәндер бойынша тестілеуден өту қажет:

  • Ағылшын тілі
  • Математика (ағылшын тілінде)

 

Грантқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Мектеп директорына жазылған жазбаша өтініш, ата-ананың (заңды өкілдің) қолымен қабылдау кеңсесіне тапсырылуы қажет, немесе скан-көшірмесін келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz
  2. Баланың алдыңғы оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттар: үлгеру табелі, сертификаттар, мадақтамалар.
    (PDF форматында келесі поштаға жіберу: grant@miras-astana.kz)

Возможно вам понравится


Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері Жыл сайынғы білім гранттарының нәтижелері

«NNEF» Қоғамдық Қоры және «Halyk» Қайырымдылық Қоры 2025–2026 оқу жылына А...

Толығырақ
Грантқа өтінімдер қабылдау басталды Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті ата-аналар! 

MIRAS халықаралық мектебі 10-11 сыныптар мен IB дипломдық бағдарлам...

Толығырақ
Жан DoStar Жан DoStar

Құрметті достар!
Керемет жаңалықты жеткізуге  асықпыз!
9 желтоқсанда Қазақстан халқы ...

Толығырақ