Туған күніңмен, Мирас!

Құрметті мирастықтар!

Бізге 22 жыл. 1999 жылы, 2 қыркүйекте "Мирас" мектебі алғашқы түлектеріне есігін ашты. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның білім саласының дамуында үлкен рөл ойнады, мектебіміз Қазақстандағы алғашқы Халықаралық мектеп атанды. 2004 жылы халықаралық мойындау алып, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен "Халықаралық мектеп" мәртебесін алды. 2011 жылы, қыркүйекте мектеп базасында Шарль де Голль-Мирас, Француз мектебі ашылып, бүгінде бірінші мерейтойын тойлап жатыр. 22 жылда "Мирас" мектебі еліміздегі және СНГ көлемінде бөлісетіндей құнды тәжірибе жинады. Кәсіби шыңдалу мен үздіксіз ізденіс арқасында өзінің үйлесімді де жылылыққа толы ортасын қалыптастырды. Бұл - біздің командамыздың, студенттеріміздің жетістіктері мен мақтанышына толы жылдар. 22 жылда 40-тан астам жеке жобалар бойынша РҮР көрмелері ұйымдастырылып, ECIS-тің 17 мәдениетаралық түсінік марапатын иеленіп, 440 студентіміз түрлі Халықаралық және Республикалық олимпиадалардың, конкурстардың жүлдегері атанды. 24 түлек "Алтын белгі", 10 түлек үздік аттестат иеленсе, 65 түлегіміз еліміздегі және шет елдердердегі жоғарғы оқу орындарына грантпен оқуға түсті. Осы жылдар ішінде еліміздің және әлемнің мектептерімен, жоғары оқу орындарымен тұрақты серіктестік орнатылды. Мирастықтардың ұрпақ жалғастығы - түлектеріміздің балалары біздің мектеп қабырғасына оқуға келді. Бұл біздің мектепке, ұжымға деген ең жоғары сенім.

 

Біз мектебіміздің мұғалімдерін - өз ісінің кәсіби мамандарын, дана тәлімгерлерін мақтан тұтамыз, олар Мирас қабырғасында кәсіби «шыңдалудан» өткен білікті мамандар ретінде еліміздің білім беру қоғамдастығында әрдайым сұранысқа ие. Мектеп қызметкерлерінің құрамына халықаралық аккредиттеу және авторизациялау топтарының жетекшілері мен мүшелері, Халықаралық бакалавриат ұйымының кеңесшілері мен емтихан алушылары, сараптамалық топтардың мүшелері, авторлық құқық бағдарламаларын жасаушылар кіреді. Барлық мирастықтарға жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер, өркендеу, амандық, қуаныш пен мықты денсаулық тілеймін! Мирас туған күнің құтты болсын!

 

Құрметпен,

Хамитова Е.М.

«Мирас» Халықаралық мектебінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы